Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

         2021 жылғы 25 шілдеде Сарысу ауданының ауылдық округтері әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

         Сарысу аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сарысу ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Досбол сайлау округі

Досбол ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 276 азамат енгізілді, олардың 270-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 0.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Құрманбеков Б.П. – 5; Молдабеков Н.О. - 260;

         Досбол ауылдық округінің әкімі болып Молдабеков Нұрлан Оңғарбекұлы сайланды, 1977 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Досбол ауылдық округінің Досбол ауылында тұрады, "Nur Otan" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалымен ұсынылды.

Жаңаарық сайлау округі

Жаңаарық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 846 азамат енгізілді, олардың 814-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 22, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 8.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Алдабергенов Қ.Ш. – 766; Балықбаев Б.С. – 4; Шуженов А.М. – 14.

         Жаңаарық ауылдық округінің әкімі болып Алдабергенов Қуандық Шалқығанұлы сайланды, 1982 жылы туған, Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, Жаңаарық ауылдық округінің Ұ.Сыздықбайұлы ауылында тұрады, "Nur Otan" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалымен ұсынылды.

         Сарысу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Сарысу ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

                                                                                                          Сарысу аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 июля 2021
Дата обновления
26 июля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 июля 2026
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті
21 июля 2026
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Сарысу ауданының активімен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді
21 июля 2026
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты