Наурызнаманың онкүндігі аясында 20 наурызда Жайылма ауылында Ұлттық спорт күні атап өтілді.
Ұлттық спорт – тек сайыс пен жарыс қана емес. Бұл Ұлы даланың рухы, мәдениеті, тарихы. Күш-қайрат пен табандылық, стратегиялық ойлау қабілеті көшпенділер бойына ежелден дарыған. Ат пен садақ – көшпелі өмірдің басты символдарының бірі әрі спорт түрлері.