Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы

Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы

Бүгін Жайылма ауылдық округінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай орталық алаңдағы Ту тұғырында салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, қатысушылар бірлесе отырып Мемлекеттік Әнұранды орындады. Шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар мен ардагерлер қатысып, ел рәміздеріне деген құрметтерін білдірді.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен егемендігіміздің басты нышандары. Оларды қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебесі асқақтай берсін!

#МемлекеттікРәміздерКүні #ЖайылмаАуылдықОкругі #ҚазақстанРәміздері #МеніңҚазақстаным