Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу

Бүгін Жайылма ауылдық округінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ескерткішке гүл қою рәсімі өтті.

Іс-шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер, мекеме қызметкерлері мен жастар қатысып, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына тағзым етті. Жиналғандар бір минут үнсіздік жариялап, ел тарихындағы ауыр кезең құрбандарын еске алды.

Өткеннің тағылымын ұмытпай, тарихтан сабақ алу – кейінгі ұрпақтың парызы. Осындай еске алу шаралары халқымыздың бірлігі мен татулығын нығайтып, тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуге ықпал етеді.

Қуғын-сүргін құрбандарының жарқын есімі мен өнегелі өмір жолы халық жадында мәңгі сақталады.