Жайылмада ауызашар: жастардың игі бастамасы

Жайылмада ауызашар: жастардың игі бастамасы

2026 жылдың 16 наурыз күні Жайылма ауылында ауыл жастарының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай ауызашар берілді. Аталған шараға ауыл тұрғындары, ақсақалдар мен жастар қатысып, бір дастархан басында бас қосты.

Ауызашар барысында үлкендер ақ батасын беріп, елдің амандығы мен бірлігі, жастардың жарқын болашағы үшін дұға жасалды. Мұндай игі шаралар ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін нығайтып, ізгілік пен қайырымдылықтың артуына ықпал ететіні сөзсіз.

Ауыл жастарының бұл бастамасы көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, алғысқа ие болды. Осындай сауапты істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

#Жайылма #Ауызашар #Рамазан2026 #Жастар #БерекеБірлік