Көктемгі әскерге шақыру жұмыстары жүргізілуде

Көктемгі әскерге шақыру жұмыстары жүргізілуде

Жайылма ауылдық округінде 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жалғасуда.

Осыған орай, Жаңатас қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс тобының бастығы лейтенант Нуралиев Азимбек Мұратұлы арнайы келіп, шақыру қағаздарын (повестка) таратты.

Шақырылушыларға әскери қызметке байланысты заң талаптары, медициналық тексеруден өту тәртібі және шақыру пунктіне келу мерзімдері түсіндірілді.

Әскерге шақырылатын азаматтарды белгіленген уақытта шақыру учаскесіне келуге шақырамыз.

Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы!

#ЖайылмаАуылдықОкругі #КөктемгіШақыру #ӘскериҚызмет #ОтанҚорғау