
Жайылма ауылдық округі аумағында Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу және интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің ерлігін ұлықтау мақсатында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер Мәлтаев Серікбол есімі ерекше аталып, оның әкесі Мәлтаев Сарманатай және ардагер Тырнақбаев Сейтқасым құрметті қонақ ретінде қатысып, жастарға тағылымды әңгіме өрбітті.
Шара барысында патриоттық әндер орындалып, боздақтардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды 🕯️
Қатысушыларға ерлік пен отансүйгіштік рухын дәріптейтін мазмұнды ойлар айтылды.
Бұл іс-шара жас ұрпаққа батырлықтың жарқын үлгісін көрсетіп, ел қорғаған ерлердің есімін мәңгі есте сақтауға үндеді.