«Әскери білім – жарқын болашақ кепілі»

«Әскери білім – жарқын болашақ кепілі»

Бүгін аса маңызды тақырып аясында мектеп бітіруші жас түлектерімізбен мазмұнды кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты – әскери жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат беріп, жастарды Отан қорғау жолындағы абыройлы мамандықты таңдауға бағыттау.

Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Ал әскери қызмет – тек мамандық емес, бұл ерлік пен жауапкершілікті талап ететін мәртебелі жол.

Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – нағыз патриот жандардың қолында. Сондықтан жастарымызды батыл қадам жасап, жарқын болашаққа бастайтын әскери білімді таңдауға шақырамыз!