Ауылдық округ әкімі Смағұлов Жандарбек Бекболатұлының ауыл тұрғындармен есептік кездесуі өтті

Ауылдық округ әкімі  Смағұлов Жандарбек Бекболатұлының ауыл тұрғындармен есептік кездесуі өтті

2026 жылдың 21 қаңтары күні сағат 11:00 де Қызылдихан ауылдық клуб үйінде Жайылма ауылдық округінің әкімі Смағұлов Жандарбек Бекболатұлының ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
Жиынға ауылдық округ ардагерлері мен мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын барысында, округ әкімі Ж.Смағұлов 2025 жылда атқарылған жұмыстарға тоқтала келіп, 2026 жылға атқарылатын жұмыс жоспарын баяндады.
Кездесу жиында ауылдық округтің шешілмей тұрған өзекті мәселеері талқыланды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Ауыл тұрғындары ауыл әкімінің атқарып отырған жұмыстарына “қанағаттанарлық” деген бағасын берді.