Кино және театр актері, еңбек ері, халық артисі аса құрметті даңты тұлға Асанәлі Әшімов Сарысу ауданы Жайылма ауылына келіп, ауыл тұрғындарымен өзіне арналған “Бірегей” деректі фильмін тамашалады.
Шараға аудан әкімі Сакен Мамытов, ақын Маралтай Райымбекұлы, алқа би төрағасы Жандарбек Қалмырза, ҚР құрметті депутаты Сағынбек Бегеев,ауыл әкімі Жандарбек Бекболатұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ұлт руханиятының символына айналған тұлғаның туған жерге тағзым етуі – ел үшін үлкен рухани оқиға болды.