Тазалық – ортақ міндет

Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Ақтоғай ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Тазалық – ортақ міндет» тақырыбында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбіліктің басты мақсаты – ауыл аумағының тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жауапкершілікті арттыру.
Іс-шара барысында ауыл аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, шашылған қоқыстар жиналып, қоғамдық орындар ретке келтірілді.
Тазалық – баршаға ортақ міндет.

Туған жердің көркеюі мен тазалығын сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі!