Ұ.Сыздықбайұлы ауылында "Заң мен Тәртіп" жобасы аясында және аудан әкімі Сәкен Мамытовтың бекіткен жоспарына сәйкес балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу және отбасы саясатын қолдау мақсатында Жаңаарық ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен іс - шара өткізілді. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков құттықтау сөз сөйлеп, "Заң мен Тәртіп" жобасын жан - жақты талдап, балалардың құқығын қорғау, оларға жазғы демалысын тиімді өткізудің маңызды тетіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, отбасылық өмірдің қоғамға әсерін айтып, әр шаңыраққа бақыт тіледі.