
Ауылдық округ әкімі Ж. Дүйсен шалғай ауылдардағы шаруа қожалықтарын аралап, кәсіп иелерімен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен және жұмыс барысымен танысты. Кездесу барысында мал шаруашылығының жай-күйі талқыланып, шаруалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер назарға алынды.