Білім мен имандылық – егіз ұғым

Білім мен имандылық – егіз ұғым
Білім мен имандылық – егіз ұғым
 
Аудандық теолог маманы Мырзағараев Мақсаттың қатысуымен жоғары сынып оқушыларымен «Білім мен имандылық – егіз ұғым» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында жастарға білім алудың маңыздылығы мен рухани құндылықтарды қатар ұстанудың қажеттілігі кеңінен түсіндірілді. Теолог маман оқушыларға имандылық, адамгершілік, тәрбие және ұлттық құндылықтар туралы тағылымды ойларымен бөлісіп, қазіргі қоғамдағы жастардың рөліне тоқталды.
Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, еркін пікір алмасу алаңы қалыптасты. Кездесу жас буынның рухани дамуына бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.