Ұ. Сыздықбайұлы ауылында Наурыз мейрамы — Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті. Ұлттық нақышта безендірілген сахна, қонақтарды күй шертумен қарсы алу, тұсау кесер рәсімі, әжелеріміздің жүн сабау дәстүрі, сондай-ақ ұлттық және сурет көрмелерінің ұйымдастырылуы думанды кештің ажарын аша түсті.

Кеш барысында ауыл өнерпаздары өнер көрсетіп,

ұлттық ойындар (қой көтеру, гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту) ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.