Ақтоғай ауылында Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті. Ұлттық нақышта безендірілген сахна, «Түтін түтету» рәсімі және думанды кеш көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Кеш барысында ауыл өнерпаздары өнер көрсетіп,
ұлттық ойындар (қой көтеру, гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту) ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.