ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА САҚ БОЛ!

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА САҚ БОЛ!
Интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Сарысу аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Егембердиев Ғабиден Рахманұлы мекеме қызметкерлеріне интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері туралы айтып, одан сақтану жолдарын түсіндірді.
Кездесу барысында тұрғындарға бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерін бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк картасының деректерін ешкімге жарияламау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, алаяқтық жағдайларына тап болған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарлау керектігі айтылды.
Бұл шараның мақсаты – тұрғындардың интернеттегі қауіпсіздік туралы ақпараттылығын арттыру және алаяқтықтың алдын алу.