Ардақты апаларға құрмет көрсетілді
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жаңаарық ауылдық округінде ауылдың ардақты апаларына ерекше құрмет көрсетілді. Ауылдық округінің әкімі Жалғас Дүйсенұлы апалардың үйлеріне арнайы барып, көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
Кездесу барысында апаларға жылы лебіздер айтылып, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екені атап өтілді. Сонымен қатар апаларға сыйлықтар табысталып, ақ тілектер айтылды.
Бұл игі шара үлкендерге деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі ретінде өтіп, апалардың көңіліне қуаныш сыйлады.
