Жаңаарық ауылдық округі тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында конституциялық реформалардың мазмұны, олардың ел дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі рөлі түсіндірілді. Кездесу тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Алдағы уақытта да округте халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.