
Қазақстан Республикасының Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» тапсырмасына сәйкес бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов Жаңаарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімі, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық билер кеңесінің төрағасы, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Атап айтсақ, Ұ. Сыздықбайұлы ауылына волейбол ойын алаңшасы орнатылды, ауылға спорт алаңшасы (стрид воркаут) салынды. Балалар ойын алаңшасы орнатылды. Сонымен қатар, Ақтоғай ауылына "Жасыл белдеу" қорғаныш алқабы орнатылса, Жаңаарық ауылдық әкімі аппаратының ғимаратына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус қойылды. Жаңаарық ауылдық округіне қарасты екі ауылда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Ұ.Сыздықбаев ауылындағы саябақ абаттандырылды.
Ұ.Сыздықбайұлы ауылына кіре берістегі арка жарықтандырылды және екі ауылдағы көшелердің жарық шамдары ағымдағы жөндеуден өтті.
Қыс мезгілінде ауыл ішілік жолдарды күтіп ұстауға арнайы қаржы бөлінді.