
Кездесу барысында жеке тазалық ережелері, күнделікті гигиеналық күтім, денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың алдын алу, психологиялық қолдау мен өз-өзіне сенімділікті арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар қыз балалардың сұрақтарына жауап беріліп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстар айтылды.
Іс-шара тәрбиелік және танымдық бағытта жоғары деңгейде өтті.