
«Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі» атты ақпараттық үнпарақтар ілу жұмыстары жүргізілді. Акция барысында:
• Ауылдың қоғамдық орындарына, мектептер мен мәдениет үйлеріне құқықтық тәрбиені насихаттайтын үнпарақтар ілінді;
• Заңды сақтау, жол ережелерін орындау, қоғамдық тәртіпті сақтау, интернет пен әлеуметтік желілерде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы мәліметтер берілді;
• Жастар мен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық кеңестер берілді.
Бұл іс-шара қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, әр азаматтың заңды білуі мен сақтауы қажеттілігін арттыруға бағытталған.

Мақсаты:
Қоғамда заңдылықты сақтау мәдениетін арттыру, жастар мен тұрғындарды құқықтық сауаттандыру, қауіпсіз өмір сүру ережелерін насихаттау.