Орманды алқаптағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар!

Орманды алқаптағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар!

Орманды алқаптағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар:

🔹орман, тоғай және дала алқаптарында сөндірілмеген сіріңкені, темекі тұқылын тастамаңыз;
🔹орман ішінде ағаштардың түбіне, егіс алқаптарына жақын маңына және қалың өсімдік арасында отты жақпаңыз;
🔹табиғат аясында өздігінен өртенетін (жанармай сіңген маталарды, шыны әйнектер мен ыдыстарды) заттарды тастамаңыз;
🔹құрғақ өсімдіктер мен қоқыс қалдықтарын, қамыстарды өртемеңіз;
🔹табиғат аясында ашық отты пайдаланып, оны қараусыз қалдырмаңыз;
🔹ауыл шаруашылығы техникаларын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіріп пайдаланыңыз.

☝️Есіңізде болсын, Сіздің салғырттығыңыз қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін!