1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің „Бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер„ бөлімінің Ұзақбай Сыздықбаев, Ақтоғай ауылдық бөлімшелерінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен „Бақытты балалық шақ„ тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауын өткізді. Бұл байқауға 7-14 жас аралығындағы ауыл оқушылары қатысып өз ойларын асфальтқа суретпен бейнелеп, тиесілі жүлделі орындарға ие болды. Байқауға жалпы 49 оқушы қатысып, нәтижесінде I, II, III орындарға ие болып, сыйлықтар берілді.
📗Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.
📗Мерекелік бағдарлама соңында өскелең ұрпаққа мерекелерінде көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ауылдық округ әкімі Жалғас Дүйсен бүлдіршіндерге тәтті балмұздақ таратты.