📌 🇰🇿Конституциялық өзгерістер – ел дамуының негізі.

📌 🇰🇿Конституциялық өзгерістер – ел дамуының негізі.

📌 🇰🇿Конституциялық өзгерістер – ел дамуының негізі

Түркістан ауылдық округі Ә. Бүркітбаев ауылында Қазақстан Республикасындағы Конституциялық реформаларды кеңінен түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғам мен мемлекет дамуына тигізер маңызын жеткізу.

Кездесу барысында Түркістан ауылдық округі бойынша топ мүшелері Борсықов Дүйсенәлі, Жылқыбаев Мәлікомар және Қойлыбаев Сандыбай ауыл тұрғындарына конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен басымдықтарына тоқталып, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың мәні мен маңызын түсіндірді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы реформаларды кеңінен насихаттауға бағытталады.