Абдраимов Жанабек "Ауданға сіңірген еңбегі" үшін төс белгісімен марапатталды. Абдраимов Жанабек, өзінің еңбекқорлығымен, кішіпейілдігімен абыройға бөленген жан. « Сарысу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау» КММ- сінде 20 жыл қызмет етіп, адал еңбегімен көзге түсе білді. Облыстық, аудандық алғыс хаттармен марапатталған. 2019 жылы 30 қыркүйекте ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталған. Тәжірибесі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, ауылдастар арасында сыйлы, зейнеткерлік демалыста болса да қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.