Конституциялық реформа – ел болашағының кепілі

Конституциялық реформа – ел болашағының кепілі

Конституциялық реформа – ел болашағының кепілі
Тоғызкент ауылдық округінің әкімі Ж.Жұмабай ауыл тұрғындарымен кездесіп, Конституциялық реформа аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында реформаның негізгі бағыттары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты өзгерістер жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, халықтың пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.