
Сарысу аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес, Жұмабай Жандос Жамаубайұлы Тоғызкент ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Жаңадан сайланған Жандос Жамаубайұлын халыққа аудан әкімі Сәкен Мамытов таныстырып, жаңа лауазымымен құттықтады. Сондай - ақ, ауыл әкіміне тиісті міндеттемелер жүктеп, ауылды көркейтуге бар күш - жігерді аямау керектігін айтты. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Маиров Жансерік, аудандық мәслихат депутаты Талғат Нахановта ізгі тілегін жолдап, елмен етене жұмыс жасауда ашықтықтың маңызды екенін жеткізді.
Жұмабай Жандос Жамаубайұлы 1994 жылы 29 желтоқсанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.