Игілік әкімінің аппараты

Игілік әкімінің аппараты
Игілік ауылдық округінің әкімі Ж.Жанайдаров Өндіріс ауылының тұрғындарымен кездесті.
Жиынға: Сарысу аудандық мәслихатының депутаты А.Сейналиев, жергілікті қоғамдастық өкілдері, ауыл тұрғындары, мекеме басшылары және жастар өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде: Игілік ауылдық округі көлемінде жыл басынан жүргізіліп жатқан жұмыстар мен Игілік ауылдық округі әкімі Ж.Жанайдаровтың 2024 жылда атқарған жұмыстары.
Жиында ауылдың бірқатар мәселелері көтеріліп, тиісті жауаптары берілді.
Сонымен қатар 2025 жылға атқарылатын жұмыстарын талқылады.