Ауыл жастарының алар асуы алда
Қазақтың алтын бесігі, қасиетті құт мекені ауыл екені белгілі.
Ауылдың қара шаңырағынан тау көтерген Толағай мен күш атасын танытқан Қажымұқандар шыққан.
Сондай бірлігі бекем, тірлігі көркем, берекесі мен ауызбіршілігі мол, спортшылары елдің мерейін асырып жүрген, ынтымағы жарасқан берекелі мекеннің бірі –Игілік ауылдық округі.
Бүгінде белі мен білегі мықты жастар спорттың әр түрін дамытып, талай жетістіктерге жетіп жүр. Сондай жалынды спортшылар ауданымызбен ауылымыздың намысын қорғап, абыройын асқақтатып келеді.
Бүгін Игіліктен шыққан аяқдопшыларды округ әкімі Жандос Жанайдаров қабылдап, алғыс білдіріп, марапаттады.
Қайсарлығы қанында, тектілігі тамырында тулаған жас өрендердің кездесу барысында, бойларында намысты қолдан бермейтін қасиеттерін аңғардық.
Игіліктік спортшылардың көк байрақты желбіретіп, ел сенімін ақтайтындарына сеніп, болашақта биік белестерден көретінімізге көзіміз жетті.