Игілік ауылдық округіндегі жағымды жаңалық!
«Бақдаулет» шаруа қожалығының төрағасы Баяхметов Қуаныш Мейрашұлы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке құны 16,2 млн теңге болатын МТЗ-892,2 тракторын қосалқы бөлшектерімен сатып алды.
Шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарламаға қатысып, бүгінде мал шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл – ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асып жатқанын көрсетеді.