
«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген қазақтың даналығы бүгінде өмір шындығына айналды. Талай тарихи қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен этностар елімізге келіп, осы топырақта өсіп-өнді, көгерді-көктеді. Олар бұл жерді туған Отаны деп қабылдайды. Бұл – Мемлекет басшысының сарабдал саясатының жемісі.