25 қазан — Республика күні мерекесі

25 қазан — Республика күні мерекесі
25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Игілік ауылдық округінде салтанатты концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ел тәуелсіздігі мен мемлекеттіліктің маңызын айқындап, жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру болды.
Мерекелік шараға округ тұрғындары мен қонақтары қатысты. Шара барысында округ әкімі ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтап, еліміздің қалыптасу жолындағы еңбегі мен жетістіктеріне тоқталып өтті.
Концерттік бағдарлама барысында ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мектеп оқушылары мерекеге арналған патриоттық әндер мен би қойылымдарын орындады. Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерт өз деңгейінде өтті.
Республика күні – егемен еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Бұл күн – халықтың бірлігі мен мемлекеттіліктің нышаны, өткенге тағзым мен жарқын болашаққа сенімнің символы.
Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! 🇰🇿✨