Игілік ауылдық округінде 1-қазан "Қарттар күні" мерекесі аталып өтті

Игілік ауылдық округінде 1-қазан "Қарттар күні" мерекесі аталып өтті
Қарттарға құрмет – ұрпаққа өнеге
1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Сарысу ауданының әкімі С.Мамытов Өндіріс ауылының тұрғыны, ғасырдан асып 103 жас жасаған абыз анамыз Б.Өмірбаеваның шаңырағына арнайы барып, мерекесімен құттықтады. Әкім анамызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, құрмет көрсетіп, сый-сияпат табыс етті.
Сонымен қатар, мереке аясында Игілік ауылдық округіне қарасты мекеме басшылары мен қызметкерлері ауылымыздың қазыналы қарттарын құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Қарттар күні – аға буынға құрмет көрсету, олардың ел дамуына қосқан еңбегін бағалау күні. Осыған орай, қарияларға құрмет пен қамқорлық көрсету дәстүрі жыл сайын жалғасып келеді.