
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы бізді күнделікті жұмыс пен стратегиялық ойлаудағы шеберліктен бөлек, қоғам үшін қызмет ету миссиясына баулыды. Білім алушыларды өз еліне қызмет ететін тұлға етіп тәрбиелеу қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Бұл үшін ең алдымен мықты команда құру қабілеті қажет. Оған қатысты да көп ақпарат алып, шыңдалдық. Нәтижесінде, бір мақсатқа жұмылған ұжымымызбен білім беру процесін жетілдіру үшін барымызды салып жатырмыз. Өзгерістер қазірдің өзінде байқалып отыр. Пәндер оқушылар үшін қызықты әрі мазмұндырақ бола түсті», – дейді Сәуле Ескендір.