Игілік ауылында жаңа трактор алынды
Игілік ауылдық округінде мемлекеттік бағдарламалар нәтижесін беруде. Ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлері “Ауыл аманаты” жобасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып келеді.
Жуырда округке қарасты жеке кәсіпкер Аманов Аслан аталмыш жобаның IV бағыты бойынша жеңілдетілген несие негізінде жаңа техника сатып алды. Ол 2,5% лизингпен 14,5 млн теңгеге DongFeng DF904 маркалы тракторын иеленді.
Жаңа техника кәсіпкердің ауыл шаруашылығы жұмыстарын жеңілдетіп, өнімділікті арттыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар, округтегі жергілікті шаруашылықтарға қолдау көрсетіп, ауыл экономикасының дамуына үлес қосады деп күтілуде.
“Ауыл аманаты” жобасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын тұрақты табыс көздерімен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту және ауылдағы тұрмыс сапасын жақсарту.
Игілік ауылдық округінде бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, жаңа жетістіктерге жол ашатыны сөзсіз.