Татулық пен тұрақтылық

Татулық пен тұрақтылық


🔴Татулық пен тұрақтылық – ел дамуының негізі. Біз бір-бірімізді ешқашан бөтен этнос өкілі деп бөлмейміз. Өйткені бәріміз бір елдің азаматымыз, бір шаңырақ астындағы туыстаймыз. Әрқайсысымыз Қазақстан деген алып бәйтеректің бір-бір бұтағымыз.
Ауданымызда халықтар достығы тек сөз жүзінде емес, нақты іспен дәлелденіп отыр. Ұлттық-мәдени орталықтардың жұмысы жүйелі жолға қойылған. Әр этнос өз салт-дәстүрін, мәдениетін дамыта отырып, ортақ мақсатқа – еліміздің гүлденуіне жұмылып келеді. Олар ұлттық мерекелерде өнер көрсетіп, көрмелер ұйымдастырып, қайырымдылық акцияларына қатысады. Бұл әрекеттер – ел ішіндегі достық пен өзара құрметтің нақты көрінісі.
🖍️Сулхадин Мустафаев, Талас аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Күрді» этномәдени орталығының мүшесі

#МирИСогласие
#ЗаМир
#МыВместе
#PeaceAndHarmony
#PeaceForAll
#TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years