19 наурыз - Жаңару күні

19 наурыз - Жаңару күні

🌱19 наурыз - Жаңару күні

Жаңару – өзгерістер мен жаңа белестер кезеңі. Табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Көкжиектер кеңейіп, мүмкіндіктер туатын уақыт.

Наурызнаманың әр күні елімізде игі іс-шаралармен жалғасып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп жатыр.

🌱Бүгінде Досбол ауылдық округінде орналасқан “Жасыл белдеу” қорғаныш алқабына карағай көшетін егіп, табиғаттың жасаруына өз үлесімізді қостық.
Бұл - тек көгалдандыру ғана емес, болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалдыру жолындағы игі бастама.