
📌 Конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Сарысу ауданында жүйелі түрде жүргізілуде.
Бұл жолы кездесу дөңгелек үстел форматында Шағалалы ауылында өтті. Іс-шараға ауыл тұрғындары қатысып, конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстелге:
🔹 Досбол ауылдық округі бойынша штаб жетекшісі, Досбол ауылдық округі аппаратының бас маманы Шалбек Нұрсұлтан Жұмабайұлы;
🔹 Досбол ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, ақпараттық топ мүшесі Мухашов Бактыбек қатысты.
Жиын барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндірілді. Атап айтқанда:
🔹 Суперпрезиденттік басқару моделінен күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшу;
🔹 Парламенттің рөлін күшейту және аралас сайлау жүйесін енгізу;
🔹 Конституциялық Соттың құрылуы және азаматтардың тікелей жүгіну мүмкіндігі;
🔹 Адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту;
🔹 Президент өкілеттіктерін қайта бөлу және саяси жүйені жаңғырту.
Кездесу барысында тұрғындар өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойды. Ақпараттық топ мүшелері тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нақты жауаптар берілді.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – азаматтарды Конституциялық реформалардың мазмұнымен таныстыру, олардың қоғам үшін маңызын түсіндіру және ашық диалог алаңын қалыптастыру.
#КонституциялықРеформа
#СарысуАуданы
#ДосболАуылдықОкругі
#ӘділеттіҚазақстан