📌 Конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жүргізілді

📌 Конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жүргізілді

📌 Конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында Конститутциялық реформаны түсіндіру бойынша Досбол ауылдық округі ақпараттық топ мүшелері Досбол ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесуге Досбол ауылдық округінің әкімі Абылай Сапарбек Жаппарұлы және Досбол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түзелбаев Абдисамат Сейтович қатысты.

Жиын барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда:

🔹 Суперпрезиденттік басқару моделінен күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшу;
🔹 Парламенттің рөлін күшейту және аралас сайлау жүйесін енгізу;
🔹 Конституциялық Соттың құрылуы және азаматтардың тікелей жүгіну мүмкіндігі;
🔹 Адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту, өлім жазасының жойылуы;
🔹 Президент өкілеттіктерінің қайта бөлінуі және саяси жүйені жаңғырту.

Кездесу барысында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ақпараттық топ мүшелері тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Мұндай кездесулердің мақсаты – азаматтарды Конституциялық реформалардың мазмұнымен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру және қоғаммен ашық диалог орнату.

#КонституциялықРеформа
#СарысуАуданы
#ДосболАуылдықОкругі
#ӘділеттіҚазақстан