
ДОСБОЛДЫҚТАР АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың тұрғындармен кездесуі Досбол ауылдық округінде де өткізілді.
🔰Өз сөзінде ауданда атқарылған жұмыстарды баяндаған Сәкен Үмбетұлы ауылдық округтегі айшықты сәттерді айта келіп, келешектегі істердің жай-жапсарымен бөлісті. Жиын барысында тұрғындар тарапынан тұшымды ойлар мен көкейкесті мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, Үлкен, Кіші Көкдала ауылдарына сексеуіл отынын кіргізуге рұқсат ету, Досбол - Тараз бағытындағы автобус сенбі - жексенбі күндері Шағалалы елдімекеніне де қатынаса, ауылдағы дәрігерлік пунктің жағдайы, Досболдағы көпірді қайта қалпына келтіру мәселелері көтерілді.
🔰Есептік кездесу барысында аудан басшысы көтерілген мәселелердің шешімін табуға ықпал ететінін жеткізді. Ауыл тұрғындары аудан әкімінің есебіне оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Кездесу соңында Сәкен Үмбетұлы жеке мәселе бойынша қабылдау өткізді.