Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз.
Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен ұрпақтарыңызды мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.Осы мерекеге орай Сарысу ауданы әкімі қала және ауылдық округтегі қариядарымыздын басын қосып, қазақтың салт-дәстүрін насихаттай отырып жарыс өткізді.Жарысқа катысқан қарияларымыз Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды.