Жылқы малын бірдейлендірудің бірден бір оңтайлы жолы - чиптеу болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде өз жалғасын табуда. Аталған шараның жүргізілуінің басты мақсаты - жылқы малы жоғалған, көліктермен қақтығысқан, ауырған жағдайда жылқы малының егесін және қандай ветеринариялық іс - шаралар жүргізілгендігін анықтау .Досбол ауылдық округінде 17-18 маусым күндері 120 жылқы малы чиптеліп, бірдейлендірілді. Жылқы малы туралы мәліметтер чиптеу арқылы мал егесінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша АШЖБ дерекқорына енгізіліп, ветеринариялық шаралар жүргізілетінін айта кетейік.