Ауылдық округ әкімі М.Уксикбаевтың Алғыс айту күніне орай құттықтау сөзі

Ауылдық округ әкімі М.Уксикбаевтың Алғыс айту күніне орай  құттықтау сөзі
Құрметті ауыл тұрғындары!
Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адамға алғыс айту бұл жүректі жібітіп, көңілге үлкен медет сыйлайтыны белгілі. Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз.
Бүгінгі мерекенің түпкі мәні ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деген сөздерімен үндесіп жатыр. Адамгершілік пен ізгілікті басты ту етіп ұстаған халқымызда «Алтын алма, алғыс ал» деген тамаша даналық сөздер бар. Көңілі даладай кең жұртымыз баланы ес білген күннен бастап адамдарға жақсылық жасауға, ізгілікке баулиды.
Бүгінде ауылымызда 11 өзге ұлт өкілі қазақ ұлтымен етене араласып, тату-тәтті өмір сүруде.
Қадірменді ауыл тұрғындары!
Мереке сәтінде бірлігі мен берекесі жарасқан еліміздің, құт қонған киелі мекеніміздің дамуына, ынтымақты елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген, еселі еңбектері кейде көзге көрінбей де қалып жатқан қарапайым жандарға ризашылығымды білдіремін.
Ауылымыздың ауызбіршілігі сақталып, тұрақты дамуына атсалысқан барша тұрғындарға айтар алғысым шексіз.
Бір-бірімізге деген алғысымыз шынайы, көңіліміз кіршіксіз, бірлігіміз бекем, тірлігіміз түзу болғай!
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!