Самсы ауылдық округіне қарасты Алматы–Бішкек халықаралық автожолы бойында орналасқан Тарғап және Самсы ауылдарының маңындағы сауда орындарында заңсыз саудаға қарсы рейдтік іс-шаралар жүргізілді.Аталған іс-шараға “ҚазАвтоЖол” қызметкерлері, Самсы ауылдық округінің әкімі Мұхаметжанов Жангелді Маратұлы және жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері қатысты. Рейдтің негізгі мақсаты – жол бойындағы рұқсатсыз және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін сауда нүктелерінің қызметін тоқтату, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.