БЕРЕКЕЛІ БІРЛІК – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТІРЕГІ

БЕРЕКЕЛІ БІРЛІК – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТІРЕГІ

БЕРЕКЕЛІ БІРЛІК – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТІРЕГІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі. Бұл күн – түрлі этнос өкілдерінің достығы мен татулығын, ел ішіндегі тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті дәріптейтін айрықша мейрам.

Бүгінде аудан бойынша 20-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір мақсат, ортақ мұрат жолында татулық пен ынтымақта өмір сүріп, Т.Рысқұлов ауданын бірлігі жарасқан, берекесі бекем өлкеге айналдырып отыр.

Аудандағы рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына белсенді үлес қосып жүрген 5 этномәдени бірлестіктің еңбегі де айрықша. Бұл ұйымдар жыл бойы түрлі мәдени шараларға ұйытқы болып, өзара түсіністік пен достықты нығайту жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Аудан әкімі Ернар Есіркепов мереке қарсаңында этномәдени бірлестік өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізіп, қоғамдық келісімді сақтаудағы еңбектері үшін алғысын жеткізіп, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

– Біздің басты байлығымыз – ел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы достық. Бұл мереке – сан түрлі этностарды бір тудың астына біріктіріп отырған Қазақстанның ұлтаралық келісім жолындағы ұлы жетістігінің символы. Осы бағыттағы жұмыстарымыз бұдан әрі де жалғасын табатын болады, – деді аудан басшысы.