ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

Бүгінгі таңда шетелдік инвестиция тарту – өңір дамуының басты басымдықтарының бірі. Осы орайда аудан әкімі Ернар Есіркепов Қытай Халық Республикасының «Vodar» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Жұмыс сапары барысында қытайлық инвесторлар тарапынан ауданда күнбағыс майын өндіру және май бағытындағы күнбағыс алқаптарын ұлғайту жөніндегі инвестициялық жобалар таныстырылды. Сондай-ақ қос тарап агроөнеркәсіптік саладағы өзге де ықтимал әріптестік бағыттарын талқылап, пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша ұсынылған бастамаларды бірлесіп пысықтау және нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл өз кезегінде аудан экономикасын дамытуға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызбақ.