ШЕГІРТКЕГЕ ТОСҚАУЫЛ - АСТЫҚ АМАНДЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

ШЕГІРТКЕГЕ ТОСҚАУЫЛ - АСТЫҚ АМАНДЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

ШЕГІРТКЕГЕ ТОСҚАУЫЛ - АСТЫҚ АМАНДЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов өлкедегі егін шаруашылығына қауіп төндіретін марокко шегірткесіне қарсы атқарылып жатқан залалсыздандыру шараларының барысын зерделеді.

Марокко шегірткесі – ауыл шаруашылығы дақылдарына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін аса қауіпті зиянкес саналады. Осыған байланысты, биылғы көктемгі маусымда аудан көлемінде шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жоспарлы түрде басталып отыр.

Жалпы 769 гектар алқапты қамтитын бұл шараның аясында қазіргі таңда 270 гектар жерде залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді. Бұл жұмыстардың барлығы белгіленген кестеге сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылып жатқандығын атап өту қажет.

Аталған шаралар аудандағы агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар егін шаруашылығын зиянкестерден қорғауға бағытталған. Шегірткемен күрес жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.