ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫ: ӘР АЗАМАТТЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА

ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫ: ӘР АЗАМАТТЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА

ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫ: ӘР АЗАМАТТЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов тұрғындарға кезекті жеке қабылдау өткізді. Бұл – жыл басынан бері әкімдік ғимаратында ұйымдастырылған жетінші жеке қабылдау. Жалпы осы кезеңде 65 азаматтан 79 түрлі мәселе бойынша өтініш қабылданған.

Одан бөлек, Президент Жарлығына сәйкес өткізіліп жатқан халықпен кездесулер барысында да жалпы 6 қабылдау ұйымдастырылып, 11 азаматтың өтініш-тілектері қаралды.

Бүгінгі қабылдауда 5 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 1 мәселе қабылдау барысында оң шешімін тапты. Қалған өтініштер бойынша Ернар Есіркепов тиісті сала басшыларына заңнама талаптарына сәйкес нақты тапсырмалар жүктеді.

Көтерілген мәселелердің негізгі бөлігі – пәтер кезегі, тұрғын үй салуға жер телімін бөлу және Малдыбай ауылындағы мектеп құрылысының аяқталуы туралы көтеріліп, бұл мәселелер белгіленген заң талаптары мен кезектілік тәртібі аясында қаралатыны атап өтілді.