ТҮРКСІБ ТЕМІРЖОЛ ВОЗКАЛЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКСІБ ТЕМІРЖОЛ ВОЗКАЛЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКСІБ ТЕМІРЖОЛ ВОЗКАЛЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Луговой ауылындағы “Түрксіб” теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл – тұрғындардың көптен күткен мәселесі және ауданымыз үшін маңызды инфрақұрылымдық жоба екендігін атап өткен жөн.

Аталған жұмыстарға ресми түрде бастау беру мақсатында ауданға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы іссапармен келіп, құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңіне қатысып, тиісті тапсырмалар берді.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме ретінде «Интеллект Азия» ЖШС анықталды. Жоба аясында тек вокзал ғимараты жаңартылып қоймай, сонымен қатар оның айналасын абаттандыру, жолаушыларға қолайлы орта қалыптастыру шаралары да қатар жүзеге асырылатын болады.

Аталған жоба елді мекеннің инфрақұрылымын жақсартуға, жолаушылар тасымалы саласында сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталып отыр.